Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздады

0
66

Қонақтардың көз алдында орын алған оқиға бейнетаспаға түсіріліп, желіде кеңінен тарады.


Өзбекстанда той үстінде қайын енесі келінімен қақтығысқа түсе жаздады

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Өзбекстанда қайын енесі тойда келінінің сәлем салуы кезінде беймәлім себептермен оған тап берді, деп жазады zakon.kz.

Қонақтардың көз алдында орын алған оқиға бейнетаспаға түсіріліп, желіде кеңінен тарады.

Кадрлардан келин-салом дәстүрі кезінде әйел адамның кенеттен бойжеткенге тап беріп, оны бірнеше мәрте көтеруге тырысқанын көруге болады. Дегенмен, күтпеген әрекеттен ене мен келінде жерге құлап түседі. Егде жастағы әйелдің мұндай әрекетке не үшін барғаны түсініксіз.


Өз кезегінде желі қолданышылары өзбек халқында мұндай оғаш дәстүр жоқ екенін айтып, сірәсі әйел "үйде кімнің бастық екенін бірден көрсетпек болды", деп топшалап отыр.