Milliy телеарнасының Millar Telegram арнасында жарияланған мәліметтерге қарағанда, басты күдікті күйеуі.
Сурет: Instagram/zeboyijahonsinger
Milliy телеарнасының Millar Telegram арнасында жарияланған мәліметтерге қарағанда, басты күдікті күйеуі.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал шығып, салдарынан ер адам суретшіні қолымен тұншықтырып өлтірген. Зебой Жахонның үш баласы болғаны хабарланды.
"Менің әпкем бұлай өлуге лайық емес еді. Сағат төрттер шамасында әйелім телефон соғып, апама бірдеңе болғанын айтты. Мен анама телефон соқтым – ол: "Тез кел, өлтірді" деді. Үш ұлдың анасын, әйеліңді қалай бұлай етесің?" – деп жазады "Gazeta.uz" газеті марқұмның бауырының сөзін.
Ел бас прокурорының баспасөз хатшысы Хает Шамсутдинов күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оның үстінен адам өлтіру бабы бойынша іс қозғалды.
Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің 24 жастағы әпкесі Раушанның жаңа фото және видео топтамасын жариялағанын хабарлаған болатынбыз. Кадрда ол қалыңдықты Ермахан Аймаханмен бірге ұлттық киіммен көрермен алдына шықты.