​Өзбекстанда тамақтан уланған балалардың саны 2 мыңға жуықтады

0
132


​Өзбекстанда тамақтан уланған балалардың саны 2 мыңға жуықтады

Фото: Uznews.uz


ERNUR.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық және денсаулық сақтау комитетінің UzNews.uz сайтына хабарлауынша, деп жазады kaz.inform.kz.

930-дан астам балада ауру белгілері байқалмай, үйлеріне шығарылды. 941 баланың жағдайы жеңіл деп бағаланса, 22 баланың жағдайы орташа ауыр.

Піскент, Бөке, Бекабад, Аққорған, төменгі Шыршық аудандарынан кейбір науқастар жергілікті ауруханаларда төсек-орын тапшылығына байланысты Алмалық және Нұрафшон қалаларына ауыстырылғаны айтылды.

Бұл аудандарға үш аутсорсер қызмет көрсететіні, үшеуі де айранды Аққорғандағы Shark Milk Product компаниясынан сатып алғаны анықталды. Бұл кәсіпорын Үштепа ауданында тіркелгенімен, өндіріс Аққорған ауданында жүргізілген. Өнімнің үлгілері, оның ішінде 540 сынама зертханалық талдау үшін алынды.

Жаппай улану туралы алғашқы ақпарат қыркүйектің 25-і күні таңертең Піскент және Бөке аудандарындағы балабақшалардың ондаған бүлдіршіні ауруханаға жеткізілген кезде пайда болды. Бір күннің ішінде ауруханаға жатқызылған балалардың жалпы саны 109-ға жеткені, олардың көпшілігі Аққорған ауданындағы балабақшалардан екені хабарланды.

26 қыркүйекте медициналық көмекке жүгінген балалардың саны 1940-қа жеткен. Улану жағдайлары жеті аудан мен қалада: Аққорған (413), Бөке (537), Піскент (430), төменгі Шыршық (64), Бекабад (98) аудандарында, сондай-ақ Алмалық (285) және Нұрафшон (113) қалаларында тіркелді.