Өзбекстанда метан құю бекеттерінің жұмысы қайтадан шектелді

0
128

Жүргізушілер газ құю бекеттерінде тәуліктеп кезекке тұруға мәжбүр.


Өзбекстанда метан құю бекеттерінің жұмысы қайтадан шектелді

Фото: t.me/minenergy_uz

ERNUR.KZ. Өзбекстан Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 8 қаңтардан бастап ел аумағындағы автомобильдік газ толтыру компрессорлық стансалары сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді, деп жазады inbusiness.kz.

Жауапты министрлік бұл шешімді магистральдық газ құбырларындағы қысымның төмендеуімен байланыстырды. Қысым төмендеген жағдайда табиғи газбен тұрғын үйлерді, қоғамдық көлікті және әлеуметтік нысандарды үздіксіз қамтамасыз ету басымдыққа ие екені атап өтілді.

Осыған байланысты метан құю бекеттерінің жұмысы жергілікті әкімдікпен келісілген кестелер бойынша, газбен қамтудағы ағымдағы жағдайға, қысым деңгейіне және тұтыну көлеміне қарай уақытша шектеледі.

Энергетика министрлігі бұл шектеулердің уақытша сипатқа ие екенін мәлімдеді. Қазіргі таңда газ қысымын қалыпқа келтіру бағытында практикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.