Қазір науқастың жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.
Фото: vzglyad.uz
ERNUR.KZ. Өзбекстанда дәрігерлер 29 жастағы ер адамның асқазанынан 200 грамм шеге алып шықты. Бұл туралы республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, ер адам республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығының Самарқандтағы бөлімшесіне жеткізілген.
Жүргізілген диагностикалық тексерулер мен зертханалық талдаулар науқастың асқазан-ішек жолында бөгде заттар бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, шегелер мен бұрандалар болған. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалып, іш қуысынан металл заттар алынып тасталды.
"Науқастың іш қуысынан жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын металл заттар алынды. Ота бір сағатқа жуық уақытты алды. Қазір науқастың жағдайы жақсы, ол өздігінен жүріп-тұра алады", – деді орталықтың дәрігері Юлдош Кулиев.
Белгілі болғандай, ер адам қатты күйзеліске түсіп, металл заттарды жұтып қойған.


