Өзбекстанда 6500 метр тереңдікте орналасқан ірі газ кен орны табылды.
Фото: Pexels
ERNUR.KZ. Мұны Ташкент облысының ұстаздарымен кездесу барысында көршілес елдің басшысы Шавкат Мирзиёев айтты, деп жазады inform.kz.
— Өзбекстан тарихында тұңғыш рет Үстірт өңірінде тереңдігі 6500 метр болатын ұңғыма бұрғыланды. Ол жерден табиғи газдың ең ірі қоры анықталды, — деді Шавкат Мирзиёев.
Оның атап өтуінше, бұл уақытқа дейін Өзбекстанда геологиялық барлау жұмыстары тек 2500-3000 метр тереңдікте жүргізіліп келген.
— Бұл ресурстардан дайын тауар жасау үшін бізге ең алдымен ғылым, білім және инновация қажет, — деді президент ұстаздармен кездесу барысында.
Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, Өзбекстанда теллур, литий, графит, молибден, вольфрам, титан және басқа да металлдардың ірі қоры бар.
Еске салайық, биыл 6 айда Өзбекстанда газ өндірісі 3,1 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, қамтылып отырған аралықта ресми Ташкент шет мемлекеттерден 571 млн долларға газ импорттады.