​Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі

0
101

Биыл Өзбекстанда сұйытылған газ қымбаттады.


​Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Ауа райының күрт салқындауына байланысты бүгіннен бастап Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі, деп жазады inform.kz.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, салқынға байланысты магистральдық газ құбырларындағы қысым төмендеді. Бұл уақытта газ бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бағытталады. Сондықтан 10 наурыздан бастап станциялар сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, таяуда Өзбекстанда газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты іс қозғалды.
Сондай-ақ, былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын экспорттады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстанда сұйытылған газ қымбаттады.
Беларусь Өзбекстандағы АЭС құрылысына жәрдемдесуге дайын.