​Өзбекстанда доллар бағамы құлдырады

0
67

Орталық банктің мәліметінше, қазанда доллар 0,64%-ға құлдырады.


​Өзбекстанда доллар бағамы құлдырады

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Бүгін Өзбекстанда АҚШ доллары 34 сум 23 тиынға арзандап, 11 990 сумға теңелді. Бұл доллардың соңғы екі жылда тіркелген ең төмен бағамы, деп жазады inform.kz.

Орталық банктің мәліметінше, қазанда доллар 0,64%-ға құлдырады. Ал жалпы жыл басынан бері Өзбекстанның ұлттық валютасы 7,2%-ға нығайды. Атап айтқанда, қаңтардан бастап бір доллар 12 904 сумнан 11 990 сумға дейін арзандады.

Өзбекстан Орталық банкінің төрағасы Тимур Ишметовтің айтуынша, ұлттық валютаның нығаюы сыртқы қарызды жабуға бағытталатын шығындарды 4,9 трлн сумға қысқартты. Ол атап өткендей, экспортқа шығарылатын тауарлардың 15%-ы және импортталатын өнімдердің 40%-ы доллар бағамына тікелей тәуелді.
Қоса кетейік, 2026 жылы Өзбекстан ішкі жалпы өнім көлемін 150 млрд доллардан асыруға ниетті. Сондай-ақ, жыл басынан бері ресми Ташкент алтын экспортын 70%-ға арттырды.