Депутаттар заңнамаға өзгеріс енгізу қажет екенін алға тартты.
Фото: Өзбекстанның Көлік министрлігі
ERNUR.KZ. Өзбекстан Сенаты еңбек және демалыс кестесін сақтамай, халықаралық немесе қалааралық рейс орындайтын автобус жүргізушілеріне жаза қолданатын заңды мақұлдады, деп жазады inform.kz.
Сенаторлар атап өткендей, былтыр жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтамау салдарынан 130 ереже бұзу фактісі тіркеліп, 4 млрд сум (173,9 млн теңге) шығын келді. Сондай-ақ, бір жыл ішінде болған автобус және теміржол апаттары 11 адамның өмірін қиды.
Тиісінше, депутаттар заңнамаға өзгеріс енгізу қажет екенін алға тартты. Мақұлданған құжатқа сай, енді 400 шақырым қашықтыққа жолаушы немесе жүк тасымайтын және жұмыс ауысымы 9 сағаттан асқан жүргізушілерді Көліктік бақылау инспекциясы қадағалайды.
Егер тексеріс барысында ереже бұзу фактілері анықталса, онда жүргізуші 7 базалық есептік шама (125 мың теңге) көлемінде айыппұл арқалайды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін жазып едік.