Өзбекстан үкіметі шығынға батқан кәсіпорындарды қолдауға $50 млн бағыттайды

0
91

Кеңесте ірі жобаларға қаражат бағыттап жатқан инвесторлар ипортталатын құрылыс материалдарын қосылған құн салығынан босату бастамасын көтерді.


Өзбекстан үкіметі шығынға батқан кәсіпорындарды қолдауға $50 млн бағыттайды

Фото: gazeta.uz

ERNUR.KZ. Өзбекстан үкіметі шығынға батып жатқан құрылыс материалы компанияларын қолдау үшін 50 млн доллар бөледі. Бұл туралы ел президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен өткен кеңесте мәлім болды, деп жазады inform.kz.

Кеңесте ірі жобаларға қаражат бағыттап жатқан инвесторлар ипортталатын құрылыс материалдарын қосылған құн салығынан босату бастамасын көтерді. Бұл ретте осындай жобаларға өз өнімдерін ұсынғысы келетін жергілікті кәсіпорындар да аз емес. Олар қосымша құн салығынан босату жергілікті тауарларға да қолданылса, онда лайықты бәсекелестік танытуға дайын екендерін мәлім етті.
Осыған байланысты Өзбекстан басшысы құзырлы органдарға қолдау шаралары қамтылған қаулы жобасын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиёев қазіргі таңда құрылыс материалдарын шығаратын 457 кәсіпорынның берешегі 3,5 трлн сумға (шамамен $290 млн) жеткенін атап өтті. Бұл компаниялардың шығаратын өнімі қымбат, тиісінше олар тұтынушы таба алмай отыр.

Осы орайда жауапты ведомство басшыларына аталған 457 кәсіпорынның әрқайсысын аралап, оларға қолдау көрсету бағдарламасын дайындау міндеті жүктелді. Компанияларды қаржылық оңалтуға 50 млн доллар бөлінеді. Бұл сома өндіріс қуатын арттыру, нарықтарға жоғары сұранысқа ие өнім шығару арқылы шығындарды азайтуға бағытталмақ.

Еске салайық, Өзбекстанда құрылыс алаңын шаңдатқандарға енді айыппұл салынады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанның ірі қалаларында қоршаған ортаға залал келтіретін кәсіпорындарды ашуға тыйым салынады. Сонымен қатар, Ташкент пен Нүкіс шаһарларында орналасқан ірі өндірістер алыс аумақтарға көшіріледі.