Өзбек спорты тарихында айтулы оқиға болды.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. 5 маусым күні кешке футболдан Өзбекстан құрамасы БАӘ командасымен сырт алаңда тең ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатына тарихи жолдаманы жеңіп алды, деп жазады sputnik.kz.
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің тоғызыншы турында Тимур Кападзе шәкірттері БАӘ құрамасымен сырт алаңда (0:0) тең түсті.
Осылайша, Өзбекстан футболшылары Азия құрлығынан әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
Қазір бұл тарихи оқиға көрші елде тойланып жатыр, оған қоса Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев спортшыларды құттықтады.