Олар кейін орамалдарын басқаша таққан.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Наманган облысында имамдардың, имам-хатибтердің және мутаваллилдердің әйелдері арнайы жиналысқа шақырылды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жиналыста оларға орамалдарын араб үлгісінде емес, жергілікті дәстүрге сай – түйінін артқа байлап тағу міндеттелді.
Мәліметтерге қарағанда, бұл тапсырма Наманган облыстық мұсылмандар басқармасының басшысы Мусахон Аббосидиновке жүктелген.
Жиналыс барысында облыстық әкімдіктің діни ұйымдармен байланыс бөлімінің қызметкері Сайера Исакова сөз сөйледі. Ол елде жеке тұлғаны тануға кедергі келтіретін киімге тыйым салынғанын еске салды.
Бұл норма 2023 жылы заңға енген, ал бұзғандар ӘҚБтК-нің 184-бабы, 4-бөлігі бойынша айыппұлға тартылады.
«Егер имамның әйелі заңды бұзса, оның күйеуі де жауапкершіліктен құтылмайды. Құранда хиджаб тағу міндетті емес», – деді Исакова.
Журналистердің қолына екі сағаттан астам жалғасқан жиналыстың аудиожазбасы түскен көрінеді.