Өзбекстан әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді «қара тізімге» енгізеді

0
273

​Тек физикалық емес, психологиялық қысым жасағандар да тізімге ілінеді.


Өзбекстан әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерді «қара тізімге» енгізеді

Фото: iStockphoto

ERNUR.KZ. Өзбекстан билігі әйелдер мен балаларға әлімжеттік көрсеткендерге қарсы күресті күшейтті. Енді елде зорлық-зомбылық жасағандардың бірыңғай «қара тізімі» пайда болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құжат 4 наурыздан бастап ресми күшіне енген. Podrobno.uz мәлім еткендей, бірыңғай базаға тек физикалық күш көрсеткендер емес, сонымен қатар психологиялық қысым жасағандар, қоқан-лоққы көрсетіп, сес көрсеткендер, әйелдер мен балалардың бостандығын шектегендер енгізіледі.

Ішкі істер органдары мен прокуратура «қара тізімге» іліккендердің әрбір қадамын жіті қадағалауға міндеттелді.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балалар үшін әлеуметтік қорғау жүйесі күшейтіледі. Олар медициналық көмек, психологиялық және заңгерлік қолдау ала алады. Осылайша, «қара тізім» тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және әйелдер мен балаларды қауіпсіздігін қорғауға көмектесуі тиіс.