Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қол қойған тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.
ERNUR.KZ. Цифрландыру және жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту нәтижесінде 2025 жылдың 1 қарашасына дейін елде 2141 мемлекеттік қызметші қысқартылады, деп жазады baq.kz.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қол қойған тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, өзгерістер әртүрлі ведомстволарды қамтиды:
Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитетінде – 498 қызмет орны;
Су шаруашылығы министрлігінде – 224;
Ауыл шаруашылығы министрлігінде – 200;
Әділет министрлігінде – 197;
Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінде – 176;
Жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігінде – 163 қызмет орны.
Мақсат – цифрландыру арқылы республикалық атқарушы органдарға жүктелген міндеттер мен функцияларды оңтайландырып, басқарушылық штат санын азайту, – деп жазылған құжатта.