Өзбекстанда 1 литр бензиннің орташа бағасы – 1,340 доллар.
Фото: Кабар
ERNUR.KZ. Орталық Азия мемлекеттері арасында ең қымбат бензин Өзбекстанда сатылады. Әсіресе, Аи-95 бағасы шарықтап тұр. Бұл жөнінде әртүрлі елдердегі жанармай бағасын бақылап отыратын GlobalPetrolPrices порталы хабарлады, деп жазады inform.kz.
Салыстыру үшін айталық, Түрікменстанда бензиннің литрі небәрі 0,43 доллар, яғни дүние жүзіндегі ең арзан бағалардың бірі. Бұл көрсеткіш Әзербайжанда – 0,676 доллар, Қазақстанда – 0,687 доллар, Ресейде – 0,924 доллар, Беларусьте – 0,936 доллар, Қырғызстанда – 1,016 доллар, ал Ауғанстанда – 1,168 доллар.
Әлемдегі ең арзан жанармай Ливанда (0,023 доллар), Иранда (0,029 доллар) және Венесуэлада (0,035 доллар) тіркелген. Ал бензин бағасы ең жоғары елдердің қатарында Гонконг (4,062 доллар), Малави, Дания, Израиль, Нидерланд, Финляндия, Германия, Лихтенштейн, Сингапур және Швейцария (2,265 доллар) бар


