Ницца прокуратурасы 18 тамыз күні 46 жастағы стример Рафаэль Грейвеннің қайтыс болғанын растады.
Фото: УНН
ERNUR.KZ. Ол желі пайдаланушылары арасында Жан Порманов немесе "JP" бүркеншік есімімен танымал, деп жазады inbusiness.kz.
Белгілі стимерді Грейвен Наруто және Сафин есімді серіктестерінің бірнеше сағат бойы физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны анықталған. Олар тұншықтыру, ұрып-соғу, суық су құю және балағаттау, т.б. секілді бейнелерді желіде жариялау арқылы ақша тапқан. Контентті жүздеген мың жазылушы тамашалаған.
– Иә, бұл trash-контент болды, бірақ біз ол үшін толық жауапкершілікті өз мойнымызға алдық. Контент қатты бақыланған, сценарийі жазылған еді, оны әсерлі етіп көрсетуге тырыстық. Бұл ойын-сауық пен стримингтің бір бөлігі болды. Мұндай жағдай тіркеледі деп ойламадық, – деп түсіндірді тікелей эфирге қатысқан Нарутоның ағасы Гвен.
Бейнежазбаны көргендер стримерлермен өзара байланысып, оларға қайырымдылық тұрғыдан қаражат ұсыну мүмкіндігіне ие болды. Түсініктемелерден көрермендерге мүмкіндігі шектеулі адамдарды балағаттап, қатыгездік танытудың бұл механикасы ұнағанын байқауға болады.
– Ниццаның сот полициясы қазірдің өзінде көптеген материал мен бейнежазбаны тәркіледі және сол кезде болған адамдардан бірнеше жауап алды. Өлім себебі туралы нақты қорытынды жасалмады, – деді прокуратура.
Тікелей эфирге қатысқан Наруто мен Сафин қамауға алынған, бірақ кейін олардан түсіру құралдары тәркіленіп, өздері босатылыпты.
Францияның балалар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Сара Эль-Хайри "JP" өлімі басқаларға сабақ болуы керек" деп есептейді.
– Платформаларға біздің балаларымыз зорлық-зомбылыққа ұшырамауы үшін онлайн-контентті реттеуде үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мен ата-аналарды өте қырағы болуға шақырамын, – деді ол.