Метрода пышақ ұстаған еркек айналасындағы жұртқа шабуыл жасады: 3 адам қаза болды

0
113

Қайғылы оқиға Тайвань елінің астанасында болды.


Метрода пышақ ұстаған еркек айналасындағы жұртқа шабуыл жасады: 3 адам қаза болды

Фото: haberler.com

ERNUR.KZ. Тайвань астанасы Тайбэй қаласындағы метро станциясында ер адам пышақпен жасап, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы бес адам жарақат алды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскүнем алдымен метро станциясында түтін шашқышты лақтырып, қалың түтін мен жаппай дүрбелең туғызған. Одан кейін ол айналасында жүрген адамдарға пышақпен шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан метро станциясында шу шығып, жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланды. Жарақат алған бес адам жедел жәрдем көліктерімен ауруханаларға жеткізілді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Полицияның алдын ала деректеріне сәйкес, 27 жастағы күдікті шабуыл жасағаннан кейін сауда орталығының бесінші қабатынан секіріп кеткен. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан көз жұмған.

Аталған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады. Қауіпсіздік мақсатында Тайбэй метросының қозғалысы уақытша тоқтатылып, станция аумағында тексеру шаралары жүргізілді.