Мас күйінде анасын алтыншы қабаттан лақтырып жіберген ер адам сот алдында жауап береді

0
80

Ішімдік ішу барысында ол анасынан арнайы мекемеге орналастырылған екі баласына қамқоршылық рәсімдеуді сұраған.


Мас күйінде анасын алтыншы қабаттан лақтырып жіберген ер адам сот алдында жауап береді

Сурет: freepik

ERNUR.KZ. Башқұртстанда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді деген айыппен сотқа тартылады, деп жазады zakon.kz.

Lenta.ru басылымының мәліметінше, ол Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталуда. Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 30 қараша күні кешке ер адам Худайбердин көшесіндегі жатақханадағы бөлмесінде 60 жастағы анасымен бірге алкоголь ішкен.

Ішімдік ішу барысында ол анасынан арнайы мекемеге орналастырылған екі баласына қамқоршылық рәсімдеуді сұраған. Алайда әйел бұл ұсынысқа келіспей, екеуінің арасында жанжал туындаған.

Жанжал кезінде ер адам анасын көтеріп, алтыншы қабаттағы ашық терезеден лақтырып жіберген. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Тергеу барысында жеткілікті дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар жүргізілген, оқиға орны тексеріліп, куәгерлерден жауап алынған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындаған. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Бұған дейін Ақмола облысында ер адамның анасы, әкесі және қарындасын өлтіргені туралы хабарланған болатын.