Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, көпір беті бір бауырына қарай қисайып қалған.
Фото: sxdsb.voc.com.cn
ERNUR.KZ. Қытайдың Іле қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында аспалы көпір үзіліп, 5 адам қаза болды, деп жазады inform.kz.
Ақпарат құралының жазуынша, қайғылы оқиға 6 тамыз күні сағат 16 шамасында болған. Шаты туристік аймағының аумағындағы аспалы көпірдің қос арқанының бірі үзіліп, көпір беті бір бауырына қарай қисайып қалған. Салдарынан 29 адам көпірден өзен арнасына құлаған. 5 адам оқиға орнында қаза болып, 22 адам жеңіл жараланған, тағы 2 адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Ашық дереккөзден белгілі болғандай, Шаты туристік аймағы Іле қазақ автономиялық облысының Моңғолкүре ауданындағы Шаты қырғыз ұлттық ауылының аумағында. Жер ауданы 65 шаршы шақырым. Тяньшань тауын көктей өтетін ежелгі көш жолымен бүкіл Қытайға белгілі.