Қытайда желіде әдепсіз сурет жариялап, ұятсыз әрекет жасағандар түрмеге қамалмақ

0
95

Аспан асты елінің билігі ғаламторды қолдануға қатысты заңын күшейтті.


Қытайда желіде әдепсіз сурет жариялап, ұятсыз әрекет жасағандар түрмеге қамалмақ

Фото: washingtonpost.com

ERNUR.KZ. Қытайда әлеуметтік желіде әдепсіз сурет жариялап, ұятсыз флирт жасағандар түрмеге қамалмақ, деп жазады stan.kz.

Аспан асты елінің билігі ғаламторды қолдануға қатысты заңын күшейтті. Енді Қытайда жеке чатта да артық кеткендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 1 қаңтардан бастап күшіне енетін өзгерістер негізі порнографияны таратуға қарсы бағытталған екен. Тіпті қос ғашықтың ашық әңгімесі мен бір-біріне жіберген ұятсыз фото-видеолары да заң бұзушылық әрекетке жатпақ. Екі тараптың келісімі болса да тыйым салынады.

Қытайдың құқық қорғау органдары хат алмасу кезінде артық кеткен азаматтарды 10-15 тәулікке қамайды немесе 700 долларға (354 263 теңге) дейін айыппұл салады.

Бұл заңды енгізуге биыл жаз айында әйелдердің интимдік суреттерінің рұқсатсыз таралуы себеп болған. Фото Telegram желісіндегі MaskPark тобы арқылы жарияланған.

Мамандардың пікірінше, жаңа нормалар жас буынды қорғауға үлес қосуы мүмкін. Бірақ бұл өзгеріс Қытайда әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Бірі заңсыз контентпен күресті қолдаса, енді бірі жеке хат алмасуға бақылау орнатқан жөн емес дейді.