Қытайда сел жүріп, екі адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалды

0
92


Қытайда сел жүріп, екі адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалды

ERNUR.KZ. Цзянси провинциясында жүрген лай-тас көшкіні сегіз үйді қиратты, деп жазады baq.kz.

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясында лай-тас көшкіні жүріп, екі адам қаза тапты. Тағы 10 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Қытай орталық телевизиясының мәліметінше, сел 5 қыркүйек күні таңертең Цзиань қалалық округіне қарасты Суйчуань уезіндегі елді мекендердің бірінде жүрген.

Оқиға салдарынан сегіз үй толығымен қирап, тағы төрт үйге жеңіл зақым келген.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар болған жағдайдың мән-жайын анықтап, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда.