Оқиға Юньнань провинциясында болған.
Фото: РИА Новости
ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Куньмин қаласында сейсмикалық жабдықты сынақтан өткізген пойыз жұмысшыларды қағып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
"№55537 пойыз сейсмикалық жабдықты сынақтан өткізу кезінде Куньмин қаласының Лоянчжэнь станциясы аймағындағы бұрылыста жолға шыққан құрылысшыларды қағып кетті. 11 адам қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды", – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін теміржол басқармасы құтқару жұмыстарын ұйымдастырды. Қазір "Лоянчжэнь" станциясындағы теміржол қозғалысы қалпына келтірілді.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.


