Қытайда бензин мен дизель отынының бөлшек бағасы қымбаттайды

0
81

Бұл халықаралық мұнай нарығындағы бағаның күрт өсуімен байланысты.


Қытайда бензин мен дизель отынының бөлшек бағасы қымбаттайды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар мемлекеттік комитеті дүйсенбі күні хабарлағандай, сейсенбіден бастап Қытайда бензин мен дизель отынының бөлшек бағасы өседі, деп жазады inform.kz.

Синьхуа мәліметінше, бұл халықаралық мұнай нарығындағы бағаның күрт өсуімен байланысты.

Комитет жариялаған мәлімдемеде бензин бағасы тоннасына 695 юаньға (шамамен 100,5 АҚШ доллары), дизель отыны тоннасына 670 юаньға қымбаттайтыны айтылған.
Ведомствоның бағаларды мониторингтеу орталығының хабарлауынша, Шығыстағы жағдай алдағы уақытта әлемдік мұнай бағасының тенденциясына басты ықпал ететін фактор болып отыр.
Қытайдың үш ірі мұнай компаниясы – PetroChina, Sinopec және CNOOC, сондай-ақ басқа мұнай өңдеу кәсіпорындары өндірісті тиімді ұйымдастырып, мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге және мемлекеттік баға саясатын қатаң сақтауына міндеттелген.
Комитеттің хабарлауынша, нарықтағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр өңірдегі тиісті ведомстволар ұлттық баға саясатын бұзатын әрекеттерге қатаң шаралар қабылдауы керек.
Осыдан бұрын Қытайдың валюталық резервтері 2026 жылғы ақпанда айтарлықтай өскені белгілі болды.