Қытай ғалымдары Айдағы уақытты анықтай бастады

0
140

Зерттеушілер бұл модельді дайын күйде қолдануға болатын бағдарламалық өнім ретінде жасап шыққан.


Қытай ғалымдары Айдағы уақытты анықтай бастады

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. Қытайдың Нанкин қаласындағы Цзыцзиньшань обсерваториясының ғалымдары Айдағы уақытты дәл өлшеуге және оны Жер уақытымен синхрондауға арналған әлемдегі алғашқы LTE440 (Lunar Time Ephemeris) бағдарламалық жасақтамасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Зерттеушілер бұл модельді дайын күйде қолдануға болатын бағдарламалық өнім ретінде жасап шыққан. Бағдарлама күрделі есептеулерге жүгінбей-ақ, бір қадамда Ай уақыты мен Жер уақытын салыстыруға мүмкіндік береді. South China Morning Post басылымының жазуынша, бұл технология әлемде күшейіп келе жатқан "Ай жарысы" жағдайында спутниктегі навигацияның дәлдігін айтарлықтай арттыруға көмектеседі.

Айдағы сағаттар Жермен салыстырғанда тәулігіне шамамен 56 миллионнан бір секундқа жылдамырақ жүреді. Бұған Айдағы тартылыс күшінің әлдеқайда әлсіз болуы себеп.

Гарвард университетінің астрономы Джонатан Макдауэллдің айтуынша, Ай мен Жер уақытын синхрондау бүгінде нақты инженерлік қажеттілікке айналып отыр. Микросекундтармен өлшенетін болмашы айырмашылықтардың өзі навигациялық жүйелерде маңызды рөл атқарып, есептеулердің дәлдігіне әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін Айдағы және Жердегі уақыт айырмашылығы аса маңызды болмаған, себебі спутникке жасалатын миссиялар саны аз еді.

"Алдағы уақытта Айда адам қатысатын экспедициялар мен ғарыш аппараттарының саны арта түседі. Сондықтан LTE440 бағдарламасы аса қажет", – дейді жобаны әзірлеушілер.