Егер азамат сайлауға келмесе, бірінші рет ол тек ескерту алады.
Фото: Сюжет кадрларынан
ERNUR.KZ. Қырғызстанда сайлауға қатыспаған азаматтарға айыппұл салу, ал дауыс бергендерді марапаттау туралы заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады stan.kz.
Егер азамат сайлауға келмесе, бірінші рет ол тек ескерту алады. Екінші рет қатыспаған жағдайда айыппұл салынуы мүмкін. Қазіргі уақытта сомасы белгісіз, заң әлі талқылау кезеңінде. Егер адам үш рет қатарынан, орынды себепсіз сайлау учаскесіне келмесе, ол сайланатын лауазымдарды атқару құқығынан немесе мемлекеттік қызметке тұру мүмкіндігінен айырылады.
"Егер сен өз еліңнің азаматы болмасаң және оған адал болмасаң, мемлекеттік қызметте қалай жұмыс істей аласың? Егер сен жүйелі түрде сайлауға қатыспайтын болсаң, мемлекеттік қызметкер болуға лайық емессің. Мысалы, дауыс беруге келгендерге мемлекеттік ипотекалық тұрғын үйді сатып алуда жеңілдіктер беру мүмкін. Қарапайым азаматтар сайлауға қатысудың бірден пайдасын сол күні-ақ ала алады. Сондай-ақ, лотерея билеттерін ұйымдастырып, сыйлықтар ойынын өткізу ұсынылады. Соңғы он бес жыл ішінде сайлауға қатысу көрсеткіші тұрақты түрде төмендеп келеді", – деді депутат Марлен Маматалиев.
Заң жобасында ынталандыру шаралары да қарастырылған. Дауыс берген азаматтарға мемлекеттік және жергілікті қызметтер үшін төлемдерде жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік сектор қызметкерлері кадрлық резервге енгізілгенде артықшылықтарға ие болады.
"Біз ашық әрі мөлдір сайлауды қамтамасыз еткенімізге қарамастан, өткен сайлауда қашықтықтан дауыс беруге мүмкіндігі бар азаматтардың белсенділігі төмен болды. Дегенмен, осындай жағдайларды жасағаннан кейін, біз қатысу белсенділігінің 70 пайызға дейін артуын күттік", – деді Садыр Жапаров.


