Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек

0
123

Бішкек әкімдігі әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.


Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек

Фото: АКИpress

ERNUR.KZ. Қырғызстанда тиісті рұқсатынсыз марқұмды өз бетінше жерлеуге, бұрын жерленген қабірге тағы бір мәйітті қоюға, мүрдені өзге жерге көшіруге және эксгумациялауға байланысты қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, деп жазады inform.kz.

Бішкек әкімдігі әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Бұл бастама ҚР Қылмыстық кодексіндегі «Марқұмның денесі мен жерленген жерін қорлау» туралы 164-бапты жаңа бөлікпен толықтыруды көздейді. Өйткені қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы қылмыстық норма қарастырылмаған.

Құжатқа сәйкес, жерлеу тәртібін бұзғандарға төмендегі жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін:

  • 50 мыңнан 100 мың сомға дейінгі айыппұл (260 мыңнан 520 мың теңгеге дейін);
    • 80-нен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
    • 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
    • 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.