Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

0
157

Енді Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметін Жумгалбек Шабданбеков атқарады.


Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің орнына жаңа басшы тағайындалды

Фото: barakelde.org

ERNUR.KZ. Тиісті жарлыққа ел Президенті Садыр Жапаров қол қойған, деп жазады inbusiness.kz.

16 ақпан күні Жогорку Кенештің халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жумгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымына кандидатурасын қолдаған.

10 ақпанда 5 жылдан аса Қырғызстанның "екінші адамы" болған Қамшыбек Тәшиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды.

Қамшыбек Тәшиевтен кейін төрағаның 3 орынбасары да бірден орнынан кетті.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров бірнеше күннен соң досы, Қамшыбек Тәшиевпен бетпе-бет кездескенін растаған еді.