​Қырғызстан тауларында альпинистер қаза тапты

0
160

Оларды эвакуациялау үшін көтерілген Ми-8 тікұшағы да апатты жағдайда қонған.


​Қырғызстан тауларында альпинистер қаза тапты

Фото: kabar.kg

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Қорғаныс министрлігі Жеңіс шыңы маңында альпинистердің қаза болғаны мен зардап шеккені туралы, сондай-ақ оларды эвакуациялау үшін көтерілген Ми-8 тікұшағының апатты жағдайда қонғанын хабарлады, деп жазады inform.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін Жеңіс шыңы маңында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы (борт нөмірі 205) биік таулы аймақ пен күрделі метеожағдайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды.
«Тікұшақ қону кезінде қатты соғылып, зардап шеккендер тіркелді. Бортта экипаж мүшелері мен эвакуацияға тартылған таудағы құтқарушылар болған. Олардың барлығы тірі. Бірнеше адам әртүрлі жарақат алды, бірақ олардың өміріне қауіп жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
Оқиға орнына арнайы мамандар жіберілді. Олар зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстарын жалғастыруда. Қорғаныс министрлігі құтқару операциясын әрі қарай жүргізіп, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолға алғанын мәлімдеді.