Кувейт АҚШ-тың бірнеше әскери ұшағын атып түсірді

0
119

Бұл туралы Кувейттің Қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.


Кувейт АҚШ-тың бірнеше әскери ұшағын атып түсірді

Фото: GLOBAL LOOK PRESS

ERNUR.KZ. Ведомство мәліметінше, экипаждың барлық мүшесі аман қалған, деп жазады inbusiness.kz.

– Бүгін таңертең бірнеше америкалық әскери ұшақ апатқа ұшырады. Экипаждың барлық мүшесі аман қалғанын растаймыз, – деді Кувейт Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Саид әл-Атван.

Оның сөзінше, билік жедел іздеу-құтқару операциясын бастап, ұшқыштарды апат орнынан эвакуациялаған. Олар медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға жөнелтілген. Кувейт билігі қазірден-ақ америкалық тараппен үйлестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бейнежазбада АҚШ-тың Кувейттегі Әли-әл-Салем әуе базасынан 10 шақырымнан аз қашықтықта F-15 деп болжанған жойғыш ұшақтың құлағаны көрсетілген.

Жарияланымға Пентагон немесе АҚШ Орталық қолбасшылығы тарапынан әуелгіде ресми түрде түсініктеме берілмеген еді. Кейін ғана америкалық әскерилер үш бірдей F-15E ұшағы Кувейттің әуе қорғанысы тарапынан жаңылысып атып түсірілгенін мәлімдеді.

Оқиға Иранмен күшейіп келе жатқан қақтығыс аясында тіркелді. АҚШ-тың Кувейттегі елшілігі бұған дейін зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылатын басқа да шабуылдардың жалғасу қаупі туралы ескертіп, азаматтарға күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берген болатын.

Қазір әскери қызметкерлердің жағдайы тұрақты, апаттың себептері тергеліп жатыр.