Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)

0
139

Қайғылы оқиға Ресей Краснояр өлкесінде болған.


Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ресейде ішімдікке сылқия тойған әжей немересіне бас-көз болмай, салдарынан үйін өртеп жіберген. Өкінішке қарай, төтенше жағдайдан бүлдіршін тірідей жанып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Екі жасар бүлдіршіннің ата-анасы жұмысына кетер уақытта әжесіне қалдырып кеткен. Әйел адам күні бойы ішімдік ішіп, немересіне бас-көз болмаған. Оның айтуынша, сәби қолына түскен темекі тұтатқышпен пердеге от қойған.

Өрт кезінде әжей үйінен шығып үлгергенмен, сәбиді құтқару мүмкін болмаған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.