​Космосқа аттанатын тұңғыш өзбек ғарышкері ашық конкурс нәтижесінде таңдалады

0
103

Ғарышкерге қатаң талаптар қойылады.


​Космосқа аттанатын тұңғыш өзбек ғарышкері ашық конкурс нәтижесінде таңдалады

Фото: Pixabay

ERNUR.KZ. Өзбекстанның «Uzcosmos» ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігі космосқа ұшуға үміткерді жалпыұлттық іріктеу өткізу арқылы анықтауды жоспарлап отыр, деп жазады inform.kz.

«Oʻzbekiston 24» телеарнасына сұхбат берген «Uzcosmos» агенттігі директорының орынбасары Мухиддин Ибрагимов космосқа алғашқы өзбек ғарышкерін ұшыру жоспарын баяндады.

- Ғарышкерге қатаң талаптар қойылады. Атап айтқанда, оның денсаулық жағдайы, физиологиялық көрсеткіштері, ғылыми тұрғыдан дайындығы және тіл білуі маңызды. Біз жалпыұлттық іріктеу өткізуді жоспарлап отырмыз. Болашақ ғарышкер Өзбекстанда және өзге шет мемлекеттердің аумағында білім алады. Оның оқу мен жұмысты қатар алып жүруіне барлық жағдай жасалады, - деді Мухиддин Ибрагимов.
Спикер атап өткендей, конкурстың нақты мерзімі мен нақты шарттары кейін жарияланады.