​Конгода министр мінген ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді

0
132

Министр Колвезиге көпірдің опырылуы салдарынан 40-тан астам адам қаза тапқан Калондо кенішіне бармақ болған.


​Конгода министр мінген ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді

Фото: x.com/@fl360aero

ERNUR.KZ. Оқиға Конго Демократиялық Республикасының Тау-кен қазу өнеркәсібі министрі Луис Ватум Кабамба мінген ұшақ Колвези әуежайына ұшып келген кезде болды, деп жазады inform.kz.

Киншасадан келген ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, өртене бастады. Бұл оқиғаны бейнеге түсіріп тұрған куәгерлердің үлкен алаңдаушылығын тудырды.

Министр Колвезиге ондағы көпірдің опырылуы салдарынан 40-тан астам адам қаза тапқан Калондо кенішіне бармақ болған.

Ватум Кабамба және оның делегациясының барлық мүшелері уақытында эвакуацияланды. Оның байланыс жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембоның айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ, дегенмен барлық жүк бортта қалды.
— Бізді алып бара жатқан ұшақ қона алмай, өртене бастады. Біз жалын бүкіл ұшаққа таралмай тұрып борттан түсіп үлгердік, — деп түсіндірді Тау-кен қазу өнеркәсібі министрінің байланыс жөніндегі кеңесшісі Исаак Ньембо.