Бұл дата 1966 жылы Ташкентте болған жойқын жер сілкінісінің 60 жылдығына арналды.
Фото: oxu.az
ERNUR.KZ. 2023 жылғы 16 наурызда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде Өзбекстан президенті төтенше жағдайлар бойынша мамандандырылған халықаралық құрылымдармен іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайту қажеттігіне ерекше назар аударды, деп жазады inform.kz.
Саммитте Шавкат Мирзиёев бастамасымен жер сілкінісі құрбандарына тағзым ету және осыған байланысты халықаралық ынтымақтастық қажеттігін еске салу мақсатында Еске алу және ынтымақтастық күнін белгілеу туралы бастама көтерген еді.
Бүгінде бұл бастама іс жүзінде өз нәтижесін көрсетті. Өйткені 2025 жылы 29 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ Бас ассамблеясы 29 сәуірді Халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Құжатты әлемнің барлық аймағынан 80-нен астам мемлекет бірлесіп жазған.
Халықаралық жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні алғаш рет 2026 жылдың 29 сәуірінде атап өтіледі. Бұл дата 1966 жылы Ташкентте болған жойқын жер сілкінісінің 60 жылдығына арналды.
Еске сала кетейік, Өзбекстанға алғаш рет жасанды жаңбыр жауғызатын құрылғы жеткізілді.