Қазақ блогері әлемге әйгілі актер Уилл Смитке шапан жапты

0
260


Қазақ блогері әлемге әйгілі актер Уилл Смитке шапан жапты

ERNUR.KZ. Қазақстандық саяхатшы, блогер Дастан Мұхамедрахым америкалық актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын кигізді, деп жазады inbusiness.kz.


Дастанның жазбасында, актер сахнаға шығар алдында шапанды алдын ала дайындап, алдыңғы қатардан орын алғанын айтты.

"Мәссаған, ойлаңыздаршы Уилл Смитке шапан жаптым! Ойламаған жерден. Басқа ешкім дұрыс суретке де түсе алмады. Мен ғана шапан жауып суретке түсіп үлгердім, ары қарай дүрбелең болып кетті. Құдай берем десе береді екен ғой. Аллаға шүкір", – деді ол.