Кабардин-Балқариядағы қар көшкінінен қаза тапқан альпинистер саны 15-ке жетті

0
66

Тағы екі альпинистің тағдыры әзірге белгісіз.


Кабардин-Балқариядағы қар көшкінінен қаза тапқан альпинистер саны 15-ке жетті

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Кабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында қар көшкінінен қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. Құтқарушылар тағы бір альпинистің денесін тапты, деп жазады inform.kz.

Табылған альпинистің денесі тікұшақпен Нальчикке жеткізіліп, құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Тағы екі альпинистің тағдыры әзірге белгісіз. 10 қыркүйекте іздеу-құтқару жұмыстары ауа райының нашарлауына және қар-мұз массасының қайта сырғу қаупіне байланысты тоқтатылды. Құтқарушылар іздеу жұмыстарын 11 қыркүйекте жалғастырады.

6 қыркүйекте Мижирги тауының баурайынан түскен қар көшкіні Безенги шатқалында 33 альпинистен тұратын топты басып қалған. ТЖМ мәліметінше, 10 адам өздігінен шығып, тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.