Италияда қарулы қарақшылар жол ортасында инкассаторлық көлікті жарып атыс шығарды (видео)

0
162

Бетперде киген адамдар, ең әуелі, полицияға ұқсас арнайы дабыл шамдары бар автокөліктермен жолды бөгеп, кейін Battistolli инкассаторлық компаниясының броньдалған көлігін жарған.


Италияда қарулы қарақшылар жол ортасында инкассаторлық көлікті жарып атыс шығарды (видео)

Фото: dailymail.co.uk

ERNUR.KZ. Италияда ауыр қаруланған қарақшылар инкассаторлық көлікке батыл шабуыл жасады, деп жазады stan.kz.

Бетперде киген адамдар, ең әуелі, полицияға ұқсас арнайы дабыл шамдары бар автокөліктермен жолды бөгеп, кейін Battistolli инкассаторлық компаниясының броньдалған көлігін жарған. Алайда хабарланғандай, олар қолма-қол ақшаны ала алмаған.

Жолдан өтіп бара жатқан жүргізушілер түсірген бейнежазбаларда бетперде киген, калашников автоматтарымен қаруланған шабуылдаушылар көрінеді. Олардың кейбірі бояу шеберханаларында қолданылатын костюмдерге ұқсас киім киген. Италиялық БАҚ мәліметінше, маңайдағы кейбір көліктердің жүргізушілері де тоналған.

Одан кейін күдіктілер сол жерде ұрланған көліктермен қашып кеткен. Қуу кезінде олар арттарынан түскен карабинерлерге оқ атқан.

Шабуылдаушылардың бірі ауылдық жерде Alfa Romeo көлігін тастап, қашпақ болған сәтінде ұсталды. Көп ұзамай банданың тағы бір мүшесі де қолға түскені хабарланды, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Иран төңірегіндегі шиеленісті басу үшін Түркия әдеттен тыс ұсыныс жасаған еді. Басылым дереккөздерінің сөзінше, Анкара халықаралық қатаң кепілдіктер шартымен Иранның байытылған уранын уақытша өз аумағында орналастыруды ұсынған. Түркия осылайша байыту деңгейі 60%-ға дейін жететін шамамен 440 келі уранды меңзеді. Дәл осы материал АҚШ пен оның одақтастарын алаңдатып қойды.