Аятолла Арафи мықты дінтанушы әрі діни әкімші.
Фото: en.hawzahnews.com
ERNUR.KZ. Аятолла Арафи Иранның Жоғарғы көшбасшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп жазады Stan.kz.
Аятолла Арафи мықты дінтанушы әрі діни әкімші. Алайда Ислам революциясы сақшылар корпусымен (КСИР) және оның азаматтық қанаты саналатын “басидж” жасақтарымен байланысы әлсіз. Сонымен қатар басқа ирандық “қатаң бағыттағы” саясаткерлерден айырмашылығы, олардың жұмысын тікелей танып-білмейді.
Ал дәл қазіргі жағдайда Иран режимінің болашағы көп жағдайда Ислам революциясы сақшылар корпусының ұстанымына тікелей байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) елдің Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи өлтірілген соң “Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын” бастауға уәде берген еді. Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялап, 7 күнді демалыс күндері деп белгіледі.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, Хаменеи қаза тапқан соң ел қалаларының орталық алаңдарына мыңдаған адам жиналып, кек қайтаруды талап етіп жатыр. Сонымен қатар елде жаппай аза тұту шаралары өтіп, мешіттерде қаралы тулар көтерілген.


