Иран 3 күндік аза тұту жариялады

0
145

Елдегі наразылық акциялары барысында қаза тапқандар саны 500 адамнан асқан.


Иран 3 күндік аза тұту жариялады

Фото: minval.az

ERNUR.KZ. Құқық қорғаушылар олардың арасында 50-ге жуық әскеридің барын айтып отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Иран президенті Масуд Пезешкиан да аза тұту шараларына қосылады. Ол ел тұрғындарын 12 қаңтар күні өтетін ұлттық маршқа қатысуға шақырған.

Еске салайық, наразылық акциялары Иранның барлық провинциясындағы 186 қала мен елді мекенде болды. Зорлық-зомбылықтың күшеюі мен адам өлімінің артуына байланысты Иран үкіметі ұлттық қарсылық барысында жан тапсырғандарды еске алуды құп көрген.

Дәл қазіргі уақытта Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты халықаралық ойыншылардың ықтимал араласу шаралары да талқыланып жатыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху наразылықтарға жауап ретінде АҚШ-тың қандай қадам жасауы мүмкін екені жөнінде кеңес өткізген.

Қаза тапқандардың қатарында 490 наразылық білдіруші және Иранның қауіпсіздік құрылымдарының 48 қызметкері бар. Human Rights Activists News Agency (HRANA) деректеріне сай, елде шамамен 10 мың адам қамауға алынып отыр. Иран билігі қазірге дейін адам шығынына қатысты ресми мәлімдеме жарияламады.