Индонезияда нөсер жаңбырдың салдарынан 10 адам қаза тапты

0
64

Билік өкілдері жедел көмек көрсету үшін шатырлар орнатылғанын хабарлап, халықты жоғары қаупі бар аймақтардан дереу эвакуациялануға шақырды.


Индонезияда нөсер жаңбырдың салдарынан 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Индонезияның Суматра аралында толассыз жауған жаңбырдан болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кемінде 10 адам көз жұмды, деп жазады baq.kz.

Құтқару топтарының мәліметінше, Солтүстік Суматра провинциясындағы Сиболга қаласында кемінде 5 адамның мәйіті табылған. Үш адам жарақат алған, тағы төрт тұрғын хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында.

Орталық Тапанули ауданында лай көшкіні салдарынан 4 адам қаза болды, ал күшті жауыннан болған су тасқыны шамамен 2000 ғимаратты су астында қалдырған.

Оңтүстік Тапанулиде де су тасқыны мен лай көшкіні бір адамның өмірін қиып, 470 тұрғын үйді су басқан.

Билік өкілдері жедел көмек көрсету үшін шатырлар орнатылғанын хабарлап, халықты жоғары қаупі бар аймақтардан дереу эвакуациялануға шақырды.