ERNUR.KZ. Әлемдегі ең бай адам, кәсіпкер, SpaceX компаниясының негізін қалаушы және Tesla-ның тең құрылтайшысы Илон Маск өзінің – "Америка партиясын" құратынын хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
“ Бүгін сіздерге еркіндіктеріңізді қайтару үшін Америка Партиясы құрылды “, – деп жазды ол 5 шілде күні өзіне тиесілі Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін, 4 шілде – АҚШ-тың Тәуелсіздік күні қарсаңында, Маск «Америка Партиясын құруымыз керек пе?» деген сауалнама жүргізген еді. Бір тәулік ішінде шамамен 1,3 миллион адам дауыс берген. Қатысушылардың 65 пайыздан астамы «екі партиялы жүйеден тәуелсіз болу» идеясын қолдаған.
“ 2-ге 1 қатынаспен сіздер жаңа саяси партияны қалайсыздар – ендеше, ол болады!» – деді Маск.
Ол сондай-ақ: «Біз ысырап пен жемқорлық салдарынан еліміздің банкротқа ұшырауы туралы сөз қозғағанда, бұл – демократия емес, бір партиялы жүйе», – деп қосты.
Бұл сауалнама АҚШ президенті Дональд Трамптың «тамаша әрі үлкен» салық туралы заңын қабылдауы мен мемлекеттік қарыз шегін көтеру ықтималдығына байланысты басталған. Бұл бастама Илон Масктың қатаң сынына ұшырап, оның Ақ үй басшысымен қақтығысуына себеп болған.