​Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті

0
76

көпшілік мәйіттер өрт аса қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған.


​Гонконгтағы тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 94-ке жетті

Фото: Синьхуа

ERNUR.KZ. Алапат өрт салдарынан Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде қаза тапқандар саны 94-ке жетті, деп жазады inform.kz.

Өрт сөндіру қызметтің мәліметінше, көпшілік мәйіттер өрт аса қатты болған жеті ғимараттың екеуінен табылған. Зардап шеккендердің саны да артты және 155 адамға жетті. Бұған дейін шамамен 100 адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Жарақат алғандар арасында 11 өрт сөндіруші де бар.
Еске сала кетсек, 26 қараша күні Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағында Тайпоу ауданындағы тұрғын үй алабында өрт болғанын жаздық. Артынша тұрғын үй кешеніндегі өрт басқа ғимараттарға тарады.
Сондай-ақ тұрғын үй кешенінде болған өрттен кем дегенде 36 адам қаза тауып, 270-тен астам адам хабар-ошарсыз кеткенін жаздық.
Аталған оқиға бойынша үш құрылысшы қамауға алынды. Апатты өрттің себебі ретінде бамбуктан жасалған құрылысқа тасталған темекіден болуы мүмкін деген болжам жасалды.