Германияда жер сілкінді

0
127

Дүмпулер Франкфурт-на-Майнеден шамамен 63 шақырым оңтүстікте орналасқан аймақта сезілген.


Германияда жер сілкінді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 10 қыркүйекте Германияда магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі болды. Сейсмологтардың мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 17:27-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 8 шақырым тереңдікте орналасқан, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында жарияланды.

Жер сілкінісінің эпицентрі 300 мыңнан астам адам тұратын Мангейм қаласынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 11 шақырым жерде орналасқан. Сондай-ақ дүмпулер Франкфурт-на-Майнеден шамамен 63 шақырым оңтүстікте орналасқан аймақта сезілген.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.