12 500 өлімнің шамамен 9600-і маусым айының соңындағы ерекше ыстық кезеңге тиесілі.
Фото: Anadolu
ERNUR.KZ. Германияда биылғы аптап ыстық шамамен 12 500 адамның мезгілсіз өліміне себеп болды, деп жазады inform.kz.
12 500 өлімнің шамамен 9600-і маусым айының соңындағы ерекше ыстық кезеңге тиесілі.
2026 жылы ең жоғары температура маусымның екінші жартысында тіркеліп, Германияның көптеген өңірінде ауа температурасы 40°C-қа дейін көтерілді.
Ыстыққа байланысты өлім-жітімнің ұлттық орташа көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 15 жағдайды құрады.
2026 жылғы маусым мен шілде айларында Батыс Еуропада ауа температурасы рекордтық деңгейге көтеріліп, орташа температура 21,62°C болды.


