Зардап шеккендедің арасында 6 адамның жарақаты өмірге қауіпті.
Фото: @therealmissjo
ERNUR.KZ. AFP-дің хабарлауынша, Гамбургтің теміржол вокзалында әйел адамдарға пышақпен шабуылдап, 12 адам зардап шекті, деп жазады kaz.inform.kz.
Зардап шеккендедің арасында 6 адамның жарақаты өмірге қауіпті.
БАҚ өкілдері зардап шеккендердің үшеуінің денсаулық жағдайы мүшкіл екенін хабарлады. Тағы үш адам ауыр жарақат алған. Алты адамның жарақаты жеңіл.
Гамбург полициясы пышақпен шабуылдаған 39 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады.
“ Бізге қазіргі таңда мәлім ақпараттар бойынша, біз әйелдің жалғыз өзі әрекет етті деген ойдамыз. Оқиғаның мән-жайын тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр “, - делінген полицияның Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында.
Әйелдің мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Bild-тің хабарлауынша, зардап шеккендердің кейбіріне көмек пойызда-ақ көрсетіле бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша шабуыл платформалардың бірінде, 13-14 жол бағыттарының бойында жасалды.