Ер адам қайтыс болған анасының денесін жасырып, оның атынан үш жыл бойы зейнетақы алып келген

0
87

Ол жеке куәліктің мерзімін ұзарту үшін анасы болып АХАЖ-ға барады, бірақ басындағы жасанды шаш пен үстіндегі киім күдік тудырғандықтан қызметкерлер жергілікті полицияға хабарласқан.


Ер адам қайтыс болған анасының денесін жасырып, оның атынан үш жыл бойы зейнетақы алып келген

ERNUR.KZ. Италияда ер адам қайтыс болған анасының денесін үш жыл бойы жасырып, оның зейнетақысын алып отырған. Зейнеткердің жеке куәлігінің мерзімі аяқталуға жақын қалғанда ұлы АХАЖ-ға әйелдің киімін киіп барып, тұтылды, деп жазады Zakon.kz.



Мантуа провинциясындағы 15 000-нан астам тұрғыны бар Борго Вирджилио қаласының 57 жастағы тұрғыны, фельдшер болып жұмыс істейтін ер адам анасының денесін қатырып, оны үш жыл бойы сақтаған, деп жазады RaiNews 2025 жылдың 21 қарашасында.

Ол жеке куәліктің мерзімін ұзарту үшін анасы болып АХАЖ-ға барады, бірақ басындағы жасанды шаш пен үстіндегі киім күдік тудырғандықтан қызметкерлер жергілікті полицияға хабарласқан.

Ер адам қазір тергеліп жатыр, бірақ қамауға алынған жоқ. Мантуа прокурорлары оны адам денесін жасырды, өзін басқа адам ретінде танытты және алаяқтық жасады деп айыптайды.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, егде жастағы әйел өз өлімімен 2022 жылы бақилық болған. Фельдшер өзінің кәсіби медициналық білімін қолдана отырып, денеден сұйықтықты ағызып алып, осылайша мумиялау процесіне кіріседі.

Әйелдің зейнетақысы жүріп жатады. Ұлы оны еш кедергісіз пайдаланып жүреді. Тек анасының жеке куәлігінің мерзімі аяқталғанға дейін. Банктік шотқа зейнетақы аударыла беру үшін жеке куәлік мерзімін ұзарту қажет болады.

30 қазанда Алматыда әйелдің денесі табылды, күдікті ретінде марқұмның ұлы қарастырылуда.