Эквадор түрмесінде 31 тұтқынның денесі табылды

0
93

Билік оқиғаны мұқият тергеуге және тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді.


Эквадор түрмесінде 31 тұтқынның денесі табылды

ERNUR.KZ. Эквадор түрмесінде бұлік болып, Мачала қаласындағы түзету мекемесінде 31 тұтқынның денесі табылды, деп жазады baq.kz.

Бұл ақпаратты 10 қарашада ересектер мен кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға кешенді көмек көрсету бойынша Ұлттық қызметтің (SNAI) баспасөз қызметі растады.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысында бастапқыда төрт дене табылған, бірақ кейіннен қаза болғандардың саны күрт көбейген.

Қазіргі уақытта 27 тұтқынның қаза тапқаны хабарланды, - деп атап өтті X әлеуметтік желісіндегі хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құқық қорғау органдары мен SNAI мамандары жұмысын жалғастырып жатыр.

Билік оқиғаны мұқият тергеуге және тәртіпті қалпына келтіруге уәде берді.