Дуров Cocoon жобасының іске қосылғанын мәлімдеді

0
101

Дуровтың айтуынша, бұл желі пайдаланушыларға ЖИ-мен жұмыс істеген кезде 100 пайыз құпиялылықты қамтамасыз етеді.


Дуров Cocoon жобасының іске қосылғанын мәлімдеді

Сурет: Instagram/durov

ERNUR.KZ. Telegram мессенджерінің негізін қалаушы, кәсіпкер Павел Дуров Cocoon (Confidential Compute Open Network) деп аталатын есептеу үшін орталықтандырылмаған құпия желінің іске қосылғанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Ол бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазды. Жаңа жүйе жасанды интеллектіні (ЖИ) және TON (The Open Network) блокчейнін қолданады.

Дуровтың айтуынша, бұл желі пайдаланушыларға ЖИ-мен жұмыс істеген кезде 100 пайыз құпиялылықты қамтамасыз етеді.

"Telegram-дағы автоматты аудармаға байланысты кейбір сұраныстар қазірдің өзінде осы желі арқылы өңделіп жатыр", – деп жазды Дуров.

Кәсіпкер әзірлеушілер есептеу ресурстарына Microsoft немесе Amazon сияқты орталықтандырылған провайдерлерге қарағанда төмен бағамен қол жеткізетінін атап өтті. Графикалық карта иелері жабдықты Cocoon-ға қосу арқылы нақты уақыт режимінде TON криптовалютасын таба алады.