Дәрігер дәрі тағайындағанда үтірді дұрыс қоймауы кесірінен 2 жасар бала көз жұмған

0
100

Дәрігер Цзяби Чен Де’Маркуска калий фосфатын 15 ммоль/литр дозада қабылдауды жазып берген, бірақ бұл мөлшер дұрыс болмаған.


Дәрігер дәрі тағайындағанда үтірді дұрыс қоймауы кесірінен 2 жасар бала көз жұмған

Фото: mothership.sg
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Гейнсвилл қаласында әйел UF Health Shands ауруханасына сотқа жүгінді. Себебі дәрігер қателігінен оның 2 жасар ұлы қайтыс болған, деп жазады Stan.kz.




Доминик Пейдж өзінің екі жасар ұлы Де’Маркусты 2024 жылдың 1 наурызында ауруханаға әкелгенін айтты. Бала үнемі жылап, тамақ ішпей, диареядан зардап шегіпті. Оның организміндегі калий деңгейі өте қатты төмендеп, 2,8 болып шыққан және оған калийді алмастыру терапиясы тағайындалған.

Дәрігер Цзяби Чен Де’Маркуска калий фосфатын 15 ммоль/литр дозада қабылдауды жазып берген, бірақ бұл мөлшер дұрыс болмаған. Чен қажетті жерде үтір қоймаған. Ал негізінде балаға тек 1,5 ммоль/литр дозасы қажет еді. Дәрігер мен фармацевттердің немқұрайлылығынан бала дәрінің нормадан 10 есе асқан дозасын екі рет қабылдаған.

Екінші қабылдаудан кейін Де’Маркустың қандағы калий деңгейі өлімге әкелетін 7,8-ге жеткен. Баланың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны қайта тірілтсе де, оның ағзасы ұзақ уақыт оттегісіз қалған. Сөйтіп ми мен басқа органдардың қайтымсыз зақымдануына әкелген.

Екі апта бойы Де’Маркус өмірді қолдау аппаратында болған, бірақ жағдайы жақсармаған. Ақырында, 2024 жылдың 18 наурызында отбасы оны аппараттан ажыратуға шешім қабылдаған.

"Мен әлі күнге дейін не болғанын түсінбейтін қорқыныш туралы түс көремін", – деп мойындады Доминик.