​ Дания зейнет жасы бойынша әлемдік рекорд орнатты

0
149


​  Дания зейнет жасы бойынша әлемдік рекорд орнатты

фото: Freepik.com

ERNUR.KZ. Дания экономикасы ірі елдердің арасында ресми түрде зейнеткерлік жасы ең жоғары ел болды. Даниялық қариялар зейнетке 70 жастан шығады, деп жазады stan.kz.

Дания зейнеткерлік жасты 70-ке көтеріп, G20 елдері мен Еуропалық Одақ арасында рекорд орнатты. Осыған орай үлкен жиырмалықтың құрамындағы елдер мен Еуроодақтағы 14 мемлекет те зейнет жасын ұлғайтып жатыр.

Зейнет жасын ұлғайтудағы басты себеп — халықтың қартаюы мен зейнетақы қорындағы тапшылық. Дамыған көптеген елдер сияқты, Дания да демографиялық теңгерімсіздікке тап болды: қарттар саны көбейіп, ал жұмыс істейтін халықтың үлесі азайып жатыр.

Бұл шешім алдын ала заңнама арқылы қабылданған: Данияның зейнетақы жүйесінде зейнетке шығу жасы халықтың орташа өмір сүру ұзақтығына тәуелді. Яғни, азаматтар неғұрлым ұзақ өмір сүрсе — зейнетке де соғұрлым кеш шығады.

Даниямен салыстырғанда, басқа елдердің зейнет жастары анағұрлым төмен:

  • Аустралия, Грекия, Нидерланды — 67 жас;
  • Франция, Словакия — 64 жас;
  • Швеция — 63 жас;
  • Үндістан — 60 жас.

Десе де Үндістанда зейнет жасы аймақ пен жұмыс саласына байланысты өзгеріп отырады.