Біз АҚШ әкімшілігімен диалог жүргізіп жатырмыз - Путин

0
100

Ресей президенті Еуропаның Украинадағы келісім бойынша Ресеймен диалог жүргізуге дайын болатынына үміт білдірді.


Біз АҚШ әкімшілігімен диалог жүргізіп жатырмыз - Путин

фото: Sputnik / РИА Новости

ERNUR.KZ. Ресей Украинадағы бейбіт шешімді талқылауға дайын АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігімен диалог жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Біз соңғы жылдары туындаған барлық мәселе бойынша бейбіт жолмен келіссөздер жүргізуге және шешуге дайынбыз. АҚШ әкімшілігі осы дайындықты көрсетіп отыр және біз олармен диалог жүргізіп жатырмыз", - деді Путин.

Владимир Путин Дональд Трамптың сол уақытта АҚШ президенті болғанда, Украинадағы қақтығыс болмас еді деген пікірі дұрыс болуы мүмкін екенін мойындады.

"Президент Трамп егер ол сол кезде президент болғанда, мұндай ештеңе болмас еді деп айтады. Бұл рас болуы мүмкін, себебі бұрынғы әкімшілік жағдайды қарулы қақтығысқа әдейі алып келді", - деді Путин Ресей кеңейтілген алқа отырысында.
Ресей президенті Еуропаның Украинадағы келісім бойынша Ресеймен диалог жүргізуге дайын болатынына үміт білдірді.